Астанада ALEM TECH FEST 2026 фестивалінің ашылуы өтті

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект және STEM-білім беру саласындағы ең ірі фестиваль — ALEM TECH FEST 2026 салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара 13 ақпанға дейін жалғасады. Бірнеше күн бойы қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынып, жарыстарға қатысып, заманауи технологиялық бағыттарға арналған білім беру белсенділіктеріне атсалысады. Фестиваль Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан келген 5000-ға жуық оқушы қатысуда.