Әскери гарнизондар ақын шығармашылығын ұлықтады
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған поэзия челленджіне барлық әскери гарнизондар белсенді қатысып, ақын шығармашылығын ұлықтады.
Қатардағы жауынгерден генералға дейін, «Жас сарбаз» патриоттарынан әскери оқу орындарының курсанттарына дейін Мұқағали жырларын жарыса оқыды.
Мұзбалақ ақынның туған күнінде жыр эстафесін Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблі ерлер хорының орындауындағы «Отан» өлеңі қорытындылайды.
