Биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіледі – Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет қаржысы азаматтарымызға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізетін жобаларға берілуі тиіс екенін айтты.

«Үкіметке биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіп, мемлекет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу механизмін жетілдіру тапсырылады. Бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені белсенді пайдалану қажеттігіне де тоқталды.
