Пәкістан Премьер-Министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-Министрі суретке түскен соң екі елдің  мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.