«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айының 19–28 күндері аралығында облыс аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар санының және алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстар саны өскені байқалады. Осы ретте, облыс аумағында криминогендік жағдайды сауықтыру және отбасылық–тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында аудан аумағында республикалық «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, алкогольге байланысты қылмыстарды азайту, сонымен қатар, қорғау нұсқамаларының орындалуын қатаң бақылау және балалардың заңды құқықтарын қорғау. Өйткені, отбасындағы зорлық-зомбылық – бұл тұрмыстық мәселе емес, ауыр қылмыс. Заңды бұзған әрбір адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Егер, сіздердің жақындарыңыз осындай жағдайға душар болса, онда «102» полиция қызметіне, «111» сенім телефондарына хабарласуларыңыз керек. Ондай жағдайда үндемей қалмаңыз. Қорықпаңыз, көмек сұраңыз. Қорғау – сіздің заңмен бекітілген құқығыңыз.

Асылзат ЖАҢБЫРШИЕВА,
Ұлытау ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны.