Дала алқаптарын өрттен қорғайық!

Дала мен орман алқаптары көптеген ерекше жанғыш материалдарға толы және олар өрт пайда болуының негізгі көздері болып табылады. Ауаның жоғарғы температурасы, құрғақшылық, аңызақ және күшті жел сынды Ұлытау ауданы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде өрттер жиі болады. Күн күркіреп тұрғанда, даламен орман найзағайдан да өртенуі мүмкін.

Құрғақ маусымдағы ормандық және далалық өрттер кезінде тілсіз жау бірнеше шақырымға дейін таралып, 15-ке жуық өрт ошағы пайда болуы мүмкін. Ал далалық өрттер электр және байланыс желілеріне залал келтіреді. Кей жағдайларда қызыл от мал шаруашылық нүктелеріне ауысу қаупі туындап, адамдар мен мал шығыны болуы да мүмкін. Ауыл маңында мұндай төтенше жағдай көбінесе аптаның демалыс күндері мен табиғат аясында туристер демалғаннан кейін, дүйсенбіде тіркеледі.

Орман алқаптарындағы, дала жолақтарына, автокөлік және темір жолдарына жапсарлас жерлерде кем дегенде 4 метрге орылады және жыртылады. Сондай-ақ елді мекен тұрғындары орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаулары қажет. ҚР ӨҚҚ, ҚР Орман Кодексінің бұзылуын жібергені үшін Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексімен қарастырылған жеке жауапкершілік туралы ескертеді.

Медет ИСМАЙЛОВ,

Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.