Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын сапалы орындау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі практикалық нәтижелердің ең негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 6-бап 1 тармағына сәйкес, өз құзыреті шегінде әрбір мемлекеттік ұйымдар мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Сол үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөнінде заңдар мен нормативтік – құқықтық актілер қабылданып, сыбайластықпен күрес жүргізу барысында Ұлытау ауданы әкімдігінің қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі іс- шаралар», сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің ұсынысын жүзеге асыру мақсатында іс – шаралар жоспары» бекітілді.

Осы іс-шаралар жоспарын орындау мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 1 тармағына сәйкес және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы қимыл жасауға бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың сақталуы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның барлық салаларында, Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстары төмендегідей:

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арызшағым немесе өтініш қабылдайтын жәшік орнатылған. Бөлімнің ішінде ішкі ақпарат стенді бар. Стендте бөлімде көрсетілетін қызметтер түрі және соған сәйкес стандарттар, ережелер, хабарландырулар ілініп тұр. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және аталмыш саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу туралы ақпарат» тақырыптарында ақпараттар орналастырылған. Ұлытау ауданы әкімдігіне қарасты сайтта бөлім туралы толық ақпарат орналастырылған, оның ішінде бөлімде көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат және бөлімде 8/71035/2-11-21 сенім телефоны көрсетілген. Сенім телефоны жыл бойына үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шаралар жоспары бекітілген және сол жоспарға сәйкес бөлім қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс отырыстары ағымдағы жылы 2 рет өткізілді. Бөлімге 2020 жылдың қорытындысына сәйкес және 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік көрсетілген қызметтерге байланысты арызшағымдар түскен жоқ.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес, барлық өтінімдер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің жеке электронды қолтаңба арқылы «электрондық үкімет» веб-порталымен беріледі, бөлімге қағаз түрінде қабылданбайды, басқа мемлекеттік қызметтер www.egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе қағаз түрінде тіркеуші органға тікелей өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі.