Беделді басылым бола берсін!

Аудандағы 85 жыл тарихы бар «Ulytau» газеті бүгінгі күнге дейін оқырман сұранысының үдесінен шығып, Ұлт бесігіндегі бірегей ақпарат құралына айнала білді.

Осы күнге дейін Ұлытаудың үніндей болған аудандық газеттің көкейкесті ойлары, қалың оқырман жүрегіне жол тауып, ауданның өзекті мәселелерін қозғап келеді. Мен де «Ulytau» газетінің әр нөмірін үзбей оқып жүретін оқырмандарының бірімін. Негізі, Терісаққан ауылының тумасымын. Қазір Жезқазған қаласында тұрсам да жыл сайын аудандық «Ulytau» газетіне жазылуды тоқтатқан емеспін. Биыл да бір жылға жазылдым.
Бүгінде аудандық «Ulytau» үнжариясы менің сүйікті газетіме айналып, оқырман ой-тілегімен үндесіп жатқан газет. Осынау мерейтой күні редакция ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, оқырмандарыңыздың көп болып, қаламдарыңыздың ұштала беруіне тілектеспін. Ақпарат айдынында алдыңғы қатарлы басылым болыңыздар!

Сұлушаш ӘБДІҒАЛИЕВА,
ардагер-ұстаз.