Қарағандылық оқушылар республикалық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының командасы жалпы білім беретін 16 пән бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысып, 21 медаль, оның ішінде жеті алтын, үш күміс және он бір қола медаль жеңіп алды. Біздің құрама зияткерлік жарыстардың облыстық турының 88 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралды.

I дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен келесі оқушылар марапатталды:

— Айым Ержан – Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

— Ұлжан Наурызбай – «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

— Әділет Маралов – «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

— Шыңғыс Қойшыбай – №1 лицей-интернатының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» 9 сынып оқушысы (химия);

— Мадияр Қасымалы – №1 лицей-интернатының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» 10 сынып оқушысы (химия);

— Асанәлі Салем – №1 лицей-интернатының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» 10 сынып оқушысы (химия);

— Рамазан Пердебай – Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы (информатика).

– Олимпиадаларға 7-ші сыныптан бастап қатысамын, бірақ бұрын республикалық деңгейге дейін жете алмадым. Барлық қиындық есептерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарау және турда уақытты сауатты бөлу болды. Көбінесе қатысушылардың барлық тапсырмаларды орындауға уақыттары жоқ немесе басқалары әлдеқайда оңай шешілген кезде тек бір тапсырмаға кідіріп қалады. Олимпиадаға бір жылға жуық дайындалдым, – дейді Мадияр Қасымалы.