Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

Аталған бастама бойынша халықаралық консультация процесін 2026 жылы сәуір айында Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммит аясында бастау жоспарланып отыр.

«БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады», – деді Мемлекет басшысы.