Латынға көшу – заман талабы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы айтқан болатын. Содан бері 2017 жылдан бастап, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің орфографиялық ережесі Тұжырымдамасы негізінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары «Қазақ тілінің орфографиялық жаңа ережелері» жобасын әзірлеп, жаңа өзгерістер енгізу үстінде. Биыл да 28 қаңтарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, латын алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынған еді. Бұл жолғы жаңа нұсқада 31 әріп бар. Ал, жаңа әліпбиге 2023 жылдан бастап, 2031 жылға дейінгі аралықта көшу жоспарлануда.
Осы бағытта аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің латын графикасын енгізу бойынша әдіскері Дүйсенкүл Қожахметова аудан орталығындағы мекеме қызметкерлеріне латын әліпбиіндегі жаңа өзгерістерді таныстырып, латынша оқу, жазу бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сейсенбі күні «Ұлытау» газеті редакциясы ұжымы да латын қарпінің жазылуын, оқылуын үйреніп, шағын мәтіндерді оқып жаттықты.
Осылайша, ұлт болып шешетін ұлы іске тағы бір қадам жасалды.
Өз тілшімізден.