Ұлттық тағам ұлықталды

Ұлытау өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушісі Айгүл Турмағанбетова көптеген жылдар бойы ұлттық тағам түрлерін жасаумен айналысып келеді. Ол отбасымен бірге құрт, қымыз, үй майы мен қаймақ дайындайды. Айгүл — облыстық “Бір ауыл, бір өнім” конкурсының қатысушысы. Биыл ол ауыл шаруашылығы кешені бойынша облыстық форумға қатысып, 500 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

– Бұл — біздің отбасылық кәсібіміз. Біздің барлық өніміміз жергілікті, табиғи шикізаттан дайындалады. Болашақта бизнесті кеңейтіп, өнім өткізу нарығын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бизнес жүргізу жөніндегі оқыту мен ауылдағы әйел-кәсіпкерлерді қолдағаны үшін Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіргім келеді, – дейді Айгүл Турмағанбетова.