Оң сипатты шешімдер қабылданды
Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Жүргізу тізгінін аталған өкілді органның төрағасы Ахат Құрмансейітов ұстаған жиынға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Аудан орталығынан тысқары аумақтарда тұратын мандат иелері, сондай-ақ, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері байланыста онлайн-режимде болды.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
– «Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы XXVII сессиясының «Ұлытау ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» №170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин).
– «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 маусымдағы XXXIV сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №216 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы жетекшісінің орынбасары Мақсат Ерназар).
– Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы XXVIII сессиясының «Ұлытау облысы, Ұлытау ауданының округтік сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» №200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы жетекшісінің орынбасары Мақсат Ерназар).
Депутаттар күн тәртібіне қойылған мәселелерді толық талқылағаннан кейін оларға қолдау білдіру жөнінде ұйғарым жасады. Тиісінше, қарастырылған үш мәселеге қатысты сессияның оң сипатты шешімдері қабылданды.
Аудандық мәслихаттың
баспасөз қызметі.
