Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысы әкімі аппаратының келісімі негізінде Ұлытау ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, Ержан Мақсұтұлы ДӘУІТБАЕВ Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Аппараттың жаңа басшысын аудан активіне онлайн режимде өткен кезекті аппарат жиынында аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ таныстырды.
Ержан Мақсұтұлы Дәуітбаев 1987 жылы туған, екі жоғары білім бар.
2008 жылы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін маркетинг мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Ұлытау аудандық қаржы бөлімінде бас маман болып бастаған.
2010-2012 жылдары – Ұлытау ауданы әкімінің көмекшісі.
2012-2014 жылдары – Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2018 жылдан бастап, осы тағайындауға дейін Ұлытау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.