Құрметті аудандық мекемелер мен бөлімдер басшылары, кент және ауылдық округтер әкімдері!

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні екені баршамызға аян. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей, рух тұтастығы мен бірлігін сақтаған Тәуелсіз Қазақстанның тамыры нәр алған тарихи ордасы, бірліктің бесігі – Ұлытау. Төрткүл дүние төбесіне көтерген қасиетті жерде туып, өсиетті ерге айналу – тағдырдың тартқан сыйы.

Сіздерді Ұлытаудың қарыс жерін қастерлеп, сүйем жерін сүйетін нағыз патриоттар деп білемін. Сондықтан туған жерді жасыл желекке орап түлетсе де, жайқалтып гүл ексе де, өз перзенті жасауы тиіс.

Жүректерге иман ұялататын, игілікті істерді қолға алып, садақа беріп, қайыр жасайтын қасиетті Рамазан айында баршаңызды 1 мамыр күні, сағат 10.00-де бірлігімізді танытып, аудан орталығына кіреберіс жол жиегіне көктерек отырғызуға шақырамын.

Сол күні кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін жергілікті қауыммен бірге өз өңірлерінде тал көшеттерін егу жұмыстарын ұйымдастыруға үндеймін.

Жұрт болып жұмылып, ұжым болып ұйысып, игілікті іс атқарайық, азаматтар!

 

Құрметпен,

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.