Қарағанды облысында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан 20 ардагер «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Чернобыль АЭС-індегі апаттың 35 жылдығына орай «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі 20 қарағандылық апатты жоюшыға табысталды. Сондай-ақ, мерейтойлық күні облыстың 16 өңірінен 554 Чернобыль ардагері жалпы сомасы 55,4 миллион теңгеге 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек алды.
Қарқаралы ауданында және Шахтинск қаласында АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан 31 адамға материалдық көмек мамыр айында төленеді.
Бұған дейін Еңбек министрлігі 2021 жылы Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 миллион теңгеге біржолғы төлем алатынын хабарлаған болатын. АЭС-тағы апат салдарын жоюға 32 мыңға жуық қазақстандық қатысты.