Жаңаарқа ауданында жаңа мектеп, бассейн және тұрғын үйлер салынады

Биылғы жылы Жаңаарқа ауданында 500 орындық мектеп, 25 метрлік жүзу бассейні мен жаңа үйлер салынуы тиіс. Сондай-ақ, 13 көшені жөндеу жоспарланған. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бюджет ақшасын не үшін және қалай жұмсайтынын тексеріп қайтты.

Жол жұмыстарының сапасын бақылау асфальт шығаратын зауыттан басталады. Ауданда жақында ғана «Арқа Құрылыс – 2009» жаңа кәсіпорны жұмыс істей бастады. Ол сағатына 80 тонна асфальт шығаруға қауқарлы. Жеңіс Қасымбекке ауданда екі асфальт зауыты бары айтылды. Олардың қуаттылығы аудандық және облыстық жолдарды жөндеу кезінде сұранысқа ие болады. 

Жолдарды жақсартумен қатар, Жаңаарқалықтар үшін көше жарығы орнатылмақ. Ол бірден төрт көшеде пайда болуы керек. Сонымен қатар, екі ойын алаңы жабдықталған. 

Аудан бойынша жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбекке екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылыс барысы туралы баяндалды. Жаңаарқада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 500 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жұмысшылар кесте бойынша жұмыс істеп жатыр және жылдың соңына дейін құрылыс аяқталуы тиіс. Күзге қарай мұнда тағы бір нысан – 25 метрлік жүзу бассейні тапсырылады деп күтілуде.

Аудан орталығында жаңа «Жаңа Нұр» шағынауданы бой көтеруде, онда бастапқы тұрғын үй сатып алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылар үшін үйлер салынуда. Орталық аурухана маңында 8 пәтерлі несиелік үйдің құрылысы аяқталуда. Бір 18 пәтерлік және үш 36 пәтерлік үйлердің құрылысына да жуырда кірісіде. Олардың екеуі жалға берілетін болады.

Облыс басшысы Ералиев ауылдық округіне барып, фермерлермен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ауылда ашылған күрес залы мен хоккей кортын аралап көрді. Бұл нысандарды қалпына келтіру тек бюджет есебінен ғана емес, сонымен бірге жергілікті тұрғындардың өз ауылының дамуына үлестерін қосып, көмек көрсетунің арқасында жөнделді.

— Ералиев ауылында көшелерді жөндеуге қосымша бюджет бөлеміз. Тұрғындардың өтініші бойынша мәдениет үйін қажетті техникамен қамтамасыз етеміз, ал кітапхана қорын Қазақстанның заманауи авторларының кітаптарымен толықтырамыз, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы «Сарыарқа ENERGY» ЖШС «Жалын» көмір кенішінде болды. Кеніште 2020 жылы 407,5 мың тонна көмір өндірілді, жалпы алғанда жылына миллион тоннадан көмір өндіру жоспарлануда.

Жұмыс сапарының соңында Жеңіс Қасымбек жергілікті жерлердегі жеке жауапкершілікті еске сала отырып, жүргізілетін жұмыстардың сапасын және кестенің сақталуын бақылауды тапсырды.