Жұмысшы мамандығы – қоғамның берік тірегі
Қанша жерден жаңа технология дамыса да, қарапайым еңбек иелерінің орны ерекше. Жол салушы, құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор немесе ауыл шаруашылығы жұмысшысы болмаса, елдің экономикасы да, халықтың тұрмысы да алға баспайды.
Көп жағдайда жастар жоғары білімге ұмтылып, жұмысшы мамандығын елемей жатады. Алайда нағыз байлық – қолымен іс тындыратын, маңдай терімен еңбек ететін қарапайым жұмысшыда. Жұмысшы еңбегінің қадірін түсіну – қоғамның дамуына, елдің өркендеуіне үлес қосу деген сөз.
Ұлпан ЖЫЛҚАЙДАР,
Шеңбер ауылдық округінің тұрғыны.