Өрт қауіпсіздігі — өзекті мәселе

ҚаҺарын төндірген қыс кетіп, жаймашуақ көктемде келіп жетті. Осы мезгілде үй жайларын тазалау мақсатында тұрғындар қыстан қалған күл-қоқыстарын, сабандарды жағу жылдан жылға жалғасып келе жатқан бір жағымсыз үрдіс болып отыр.

Осының салдарынан кейде үйлер мен қора-жайлардың жанына төгілген ыстық күлдердің, желді күні жанып жатқан күл-қоқыстың шоғы ұшып қоражайларға түсіп, түтіні көктемгі ауаны ластап жататыны белгілі.

Соның салдарынан жекелеген азаматтардың қора-жайлары отқа оранып, өрт сөндіру бөліміне телефон шалуға тура келіп жатады.

Мемлекеттік өртке карсы кызмет тарапынан, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қайта-қайта ескертулеріне қарамай кейбір тұрғындар жылдағы әдетін қайталап, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамайды.

Осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында, Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері қыстан қалған күл-қоқысты жаққан әрбір азаматқа, ҚР ӘҚБК-де көрсетілген заң талаптарына сәйкес, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін азаматтарға, лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертеді.

Қорыта келе өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, өрттердің алдын алып, болдырмау жөніндегі шараларды атқарғаны жөн.

Өрт болған жағдайда «101»; «112» телефондарына хабарласу керек.

Нұрлыбек НҰРСАН,

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі нің аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты.