Қасым-Жомарт Тоқаев 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялауды ұсынды
«Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрін осы маңызды бастамаға қолдау білдіріп, ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Осы орайда Бас Ассамблеяға 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынамын», — деді Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының Жалпы дебатында.