«Таза су айдындары»

Жаз шыға Аманкелді ауылдық округіндегі «Кененбай» тоғанына келушілер қатары көбейе түседі. Осыны ескерген ауыл тұрғындары «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында тоған төңірегінде «Таза су айдындары» акциясын өткізді. Ізгі ниетті іске ауыл әкімі Ноян ЖЕҢСІКБАЕВ бастамашы болды.

Соның аясында белсенді аманкелділік азаматтар су жағалауын қоқыстан тазалауға біркісідей атсалысты. Ізінше көпшіліктің күшімен жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығару жұмыстары жүргізілді.

– Алдағы уақытта тұрғындар мен сыртқары аумақтардан келетін меймандарды санитарлық тазалық талаптарын мұқият сақтауға қалыптастыру, сондай-ақ, қажетті жағдайда осы тектес тазалық акцияларын жүйелі жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте жас буынның белсенділігін арттыру – басты меже, – дейді Ноян Мұңайтпасұлы.

Өз тілшімізден.