Жолдау-2025: Ұлытау тұрғындары бастамаларды қолдады
Ұлытау ауылдық округінің әкімі Талғат Абжаппаров халықпен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап шықты.
Бұл кездесудің себебі – Жолдауда айтылған жаңа бастамаларды ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіру, ел дамуына бағытталған негізгі басымдықтарды нақтылап, оларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру жолдарын қарастыру болды.
Жиын барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударды. Әкім Жолдауда көтерілген әрбір бастаманың ауыл өмірін жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары Президент ұсынған реформаларды қолдайтынын білдіріп, еліміздің өркендеуі жолында бірлікпен еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.