Коммуналдық төлемдер жүйесі өзгереді

20 қыркүйектен бастап тұрғындардың барлық коммуналдық төлемдері бір шотқа біріктіріледі.

Электр энергиясы, су, қоқыс шығару және басқа да қызметтер үшін бөлек түбіртектер болмайды. Барлық төлемдер Бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы дайындалатын бір құжатта көрсетіледі.