Жұмысшы мамандық – елдің жүрегі
Әрбір зауыттың, әрбір жолдың, әрбір ғимараттың артында жұмысшының адал еңбегі тұр. Жұмысшы – қолымен ғана емес, жүрегімен де еңбек ететін жан. Олардың маңдай терінсіз ауыл да, қала да, өндіріс те дамымайды. Сондықтан жұмысшы мамандығын таңдаған әр адам – қоғамның нағыз қаһарманы.
Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.