Жұмысшы – сұранысы жоғары мамандық
Жұмысшы мамандықтары – ел дамуының тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Қол еңбегін қажет ететін бұл мамандық иелері күнделікті өміріміздің барлық саласында қажет. Құрылысшылардың тасыған кірпіші, дәнекерлеушінің жалынға төтеп берген еңбегі, кеншінің қара терімен келген наны – бәрі де халқымыздың игілігі үшін жасалуда.
Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру – әрқайсымыздың міндетіміз. Себебі еңбекті қадірлеген ел ғана биікке көтеріледі. Еңбектің қай түрі болмасын, адалдық пен жауапкершілікпен атқарылса – ол құрметке лайық.
Ляйла АБИЛЬДАЕВА,
жеке кәсіпкер.