Еңбек адамы – ел мақтанышы
Еңбек адамы – қоғам дамуының қозғаушы күші, тіршіліктің тұтқасы. Адал еңбек етіп, маңдай терімен нәпақа тауып жүрген әрбір адам құрметке лайық. Қоғамның қай саласын алсақ та, көзге көрінбей, үнсіз еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі өлшеусіз. Олар – таңның атысы, кештің батысы демей, ел игілігі үшін тер төгетін шынайы патриоттар.
Нағыз еңбек адамы үшін жұмыс – тек табыс көзі емес, ол – өмірлік мақсат, ішкі тәртіп пен жауапкершілік. Ондай жан жұмысына асқан ыждағаттылықпен қарап, өз ісінің шебері болуға ұмтылады. Еңбек ете жүріп, қоғамға пайдасын тигізіп, өзгелерге үлгі болады. Мұндай адамдар – нағыз тәрбие мектебі, жастар үшін өнеге.
Бүгінгі күннің еңбек адамдары – мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, дихандар, өндіріс жұмысшылары және тағы басқалар. Олар – елдің өркендеуі мен болашағы үшін аянбай қызмет ететін ерлер мен әйелдер. Сол себепті еңбек адамына құрмет көрсету – тек бір күндік шара емес, ол – бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Мемлекет пен қоғам еңбек адамының мәртебесін көтеріп, оларға лайықты жағдай жасауы тиіс. Себебі елдің ертеңі – адал еңбекпен, маңдай термен қаланатын шындық. Еңбек адамын ардақтау арқылы біз еңбектің қадірін, адалдық пен табандылықтың мәнін түсінеміз.
Ақжарқын НУРГАЛИЕВА,
әлеуметтік қызметкер.