Халық санағын өткізу үшін қалалар мен аудандарда еңбек шарты бойынша азаматтық қызметшілерді қабылдау туралы

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, №123 кабинет, электрондық мекенжай: statkrg@aspire.gov.kz) Қарағанды қ., Балқаш қ., Жезқазған қ., Қаражал қ., Жайрем к., Приозер қ., Саран қ., Сәтбаев қ., Теміртау қ., Шахтинск қ., Шахан к., Абай қ., Топар к., Ақтоғай а., Ботақара к., Ғабиден Мұстафин к., Ростовка а., Жаңаарқа к., Қарқаралы қ., Қарағайлы к., Егіндібұлақ а., Нұра к., Осакаровка к., Молодежный к., Ұлытау а., Жезді к., Ақсу-Аюлы а., Ағадыр к., С.Сейфуллин к. елді мекендерде ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушылардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Жұмыс кезеңі: 2021 жылғы 15 сәуірден бастап 15 қарашаға дейін.

Функционалдық міндеттері: ұлттық халық санағына дайындалу іс-шараларын жүргізу, жаппай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, санақ персоналын оқыту және жұмысын үйлестіру, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С-2 санаты) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (С-3 санаты) гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, көрсетілетін қызметтер мамандықтары бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Білу: Қазақстан Республикасының ұлттық санақтарды жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, еңбек заңнамасының негіздерін.

Іскерлік дағдылар: жұмыста дербес компьютерді (Microsoft Office – Word, Excel, Power point бағдарламаларын білу), планшетті, кеңселік көшіру, аудио және бейне техникасын, жұмыс бойынша электрондық поштамен және интернеттің түрлі браузерлерінде жұмыс істеу бойынша.

Жеке құзыреттер: көшбасшылық, талдамалық ойлау, кәсіпқойлық, нормативтілік, ықпал ету, жоспарлау және ұйымдастыру, жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану, командада жұмыс істеу, ауызша және жазбаша коммуникация, әдептілік нормаларын ұстану, эмпатия, клиентке бағдарлану.

Лауазымдық жалақы

 

Санат

Мамандық бойынша жұмыс өтіліне байланысты

(0-25 және одан көп), теңге

min max
С-2 79813 94024
С-3 64434 71634

Конкурсқа қатысу үшін түйіндеме (өтінімдер) (таңдалған елді мекенді көрсете отырып) қоса берілген тізбеге сәйкес Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің электрондық және пошталық мекенжайларына қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 15 сәуір.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-45-31; (8-7212) 41-20-29; (8-7212) 41-44-67.

101500, Ұлытау а., Абай көшесі, 23,

a.sakipov@aspire.gov.kz

8(710-35) 2-11-05.

 Ұлытау ауданының статистика басқармасы.