Бұл – рекордтық меже: Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда көрсеткіштеріне тоқталды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты.
«Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімінің көлемі жарты триллион доллар межесіне таяп қалды. Соңғы бес жылда өңірдегі сауда айналымы айтарлықтай ұлғайып, 10 миллиард доллардан асты. Өткен жылы біздің аймақтың Қытаймен арадағы сыртқы саудасы 40 пайызға жуықтап, 95 миллиард долларды құрады. Бұл – рекордтық меже. Аталған көрсеткіштің 46 пайызы Қазақстанға тиесілі. Еліміздің Қытаймен тауар айналымы 44 миллиард долларға жетті. Қытай инвестициясы Қазақстанның экономикалық өсіміне маңызды үлес қосып келеді», – деді Президент.