Жасанды интеллект миллиондаған адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, жасанды интеллекттің дамуымен байланысты 838 миллионға жуық жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін. Бұл – әлемдегі еңбекке жарамды халықтың төрттен біріне тең.

Зерттеуде ЖИ-дің түрлі мамандықтардағы функцияларды алмастыра алатыны көрсетілген. Еңбек нарығына ең үлкен ықпал Еуропа мен Орталық Азия елдерінде байқалуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, кей салаларда ЖИ адамды толықтай алмастырмаса да, көптеген міндеттерді жеңілдетіп, кадр санын азайтуы ықтимал.