eGov.kz және бірқатар цифрлық сервис уақытша жұмыс істемейді
17 мамыр сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін техникалық жұмыс жүргізіледі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық жүргізілетінін хабарлаймыз»,-делінген eGov.kz телеграм арнасында.
Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
✅eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
✅e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
✅ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
✅«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
✅Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.