Заң мен тәртіп – қоғам тыныштығының кепілі

Қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың борышы. Осы мақсатта еліміздің түкпір-түкпірінде құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі – «Заң мен тәртіп» атты профилактикалық іс-шара.Аталған іс-шара 2025 жылғы 24 сәуір күні Ұлытау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Шараның мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну, жауапкершілікті және қоғам алдындағы міндеттерді ұғынуға бағытталған.
«Заң мен тәртіп – қоғамның тұтастығы мен тыныштығының негізі. Осындай іс-шаралар ел азаматтарының құқықтық мәдениетін қалыптастырып, болашақта заңға бағынатын, жас ұрпақтың жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен әсер етеді.

«Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ.