Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
Еңбек адамы – елдің негізі, тірегі. Қоғам дамуының, ел ертеңінің баянды болуы дәл осы қарапайым, маңдай терін төгіп, тынымсыз еңбек етіп жүрген жандардың қолында. Олар көп жағдайда көзге көрінбегенімен, әр жетістіктің, әр игіліктің артында солардың тынымсыз еңбегі тұрады.
Бүгінгі таңда еңбек адамының рөлін дәріптеу, оған деген құрметті күшейту — аса маңызды. Өйткені нағыз патриотизм де, елге деген адалдық та, жауапкершілік пен табандылық та еңбек адамынан басталады. Ол — егін еккен дихан, шахтаға түскен кенші, мектепте бала оқытқан ұстаз, ауруханадағы дәрігер, зауыттағы жұмысшы — барлығы бірдей қоғамға қызмет етіп жүрген ерлер мен әйелдер.
Мұндай жандардың еңбегі құрметке ғана емес, мақтауға да, үлгі етуге де лайық. Сондықтан да еңбек адамының бейнесін өнерде, әдебиетте, сахнада көрсету – олардың ерлігін танытудың, жас ұрпаққа үлгі етудің бір жолы. Елдің болашағы – еңбектің қадірін білетін, маңдай терін ар көрмейтін азаматтардың қолында.
Құралай ТӨРЕБАЙ,
библиограф.