Тегін бетперде таратылды
Аудан аумағында коронавирус індетінің таралуына тежеу қою бағытындағы іс-шаралар үздіксіз жалғасу үстінде. Бұған елдегі қазіргі күрделі эпидемиологиялық ахуал үндеп отырғаны белгілі. Осындай мақсаттағы ізгі ниетті әрекеттердің біріне «Асар» еріктілер тобы ұйытқы болды.
Бұл бетперделерді аудан әкімінің қайтарымсыз грантына ие болған төрт кәсіпкер тігін цехында арнайы тіктіргенін айта кеткен жөн. Пандемия белең алған кезеңнен бері осы кәсіпкерлер аудан тұрғындарына 3 мың да жуық бетперде үлестірілуіне дәнекер болыпты. Акция барысында тұрғындарға қауіпті індеттің алдын алу тәсілдері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Еріктілер әр азаматпен тілдесу кезінде оларды өз денінің саулығына мұқият қарап, жақындарына жанашыр бола білу қажеттігін ескертті.
Өз тілшімізден.