Журналист еңбегі еленді

Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің 80 жылдық мерейтойына орай, газеттің байырғы қызметкері, журналистика саласында 40 жылдай тер төккен Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ ҚР Ауыл шаруашылығы кәсіподағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Қаламы жүйрік журналистке марапатты «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Шаяхмет Үмбетов табыс етті.

Еңбегі еленіп, мерейі өскен қалам қайраткерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбеков пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Бегаев құттықтап, толайым табыс тіледі.

Өз тілшімізден.