Оқу-ағарту министрі мектеп бітіру кешіне көп ақша шығындамауға шақырды
Министр Ғани Бейсембаев балаларының мектеп бітіру кешін сән-салтанатпен атап өтеміз деп ысырапшылдыққа бармауды ескертті.
«Ата-аналар бұл іс-шараларда ысырапшылдықты доғару керек екенін жеткізгім келеді. Мектеп – өскелең ұрпаққа тәрбие беретін орта, үлгі. Егер қазір ата-аналар балаларымен мейрамхана, кафе, тағы басқа орындарды іздеп кетсе, қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемді болуымыз керек, қолда бар қаражатты мейрамханаға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған абзал», – деді министр.