ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Күллі мұсылман қауымының асыға күткен қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Баршаңызды жайма шуақ көктеммен бірге келген күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Рамазан – мұсылман үшін қасиетті де берекелі ай. Құран Кәрім осы айда түсе бастаса, мың айдан да қадірлі болып саналатын Қадір түні де осы айда. Ішкі дүниемізді жаман ойдан арылтып, сыртқы дүниемізді теріс әрекеттен тазартатын ораза – мұсылман қауымының үлкен сабыр мектебі.
Шарапаты мен шапағаты мол ай адамзатты ізгілікке, береке-бірлікке жетелеп, жабыққанға жанашыр, қамыққанға қайырымды, бір-біріне көмектесіп, бауырмал, мейірімді, кішіпейіл, кешірімді болуға шақырады.
Берекесі мен бірлігі, татулығы мен тірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, ықылас-ниетпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Елді біріктіре түсетін қасиетті айда әрбір отбасына бақ-береке, амандық, егемен елімізге тыныштық пен өрлеу тілейміз!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.