Қарағанды облысында Еріктілер қозғалысы белсенді дамуда

Қарағанды өңірінде волонтерлікті дамыту әлеуеті туралы мәселе бейресми жобалық топтың (ID-group) екінші отырысында қозғалды. BIRGEMIZ республикалық фронт-кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн-сессия «Волонтерліктің трендтері мен жаңа бағыттары» тақырыбына арналды.

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжановтың айтуынша, жобалық топтың негізгі идеясы оған еріктілердің кіруіне шектеу қоймау.

Бұл бағыттағы алғашқы жоба JASPROKRG_Bot Telegram-ботының ашылуы болды. Енді кез келген қарағандылық оның көмегімен өзінің еріктілер тобын тіркеп, ақпарат ала алады немесе еріктілер қатарына қосыла алады.

Сессияда Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев пен «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк жаңа трендтер мен бағыттар туралы айтып берді. Атап айтқанда, биыл зооеріктілік жеке құрамдас бөлікке бөлінеді.

Қарт адамдарға да ерекше назар аударылады. Пандемия кезінде олар ерекше күтімді қажет етеді.

Кездесудің қонағы Әзірбайжан ерікті ұйымдары одағының төрағасы Турал Гумбатов болды. Ол конференцияға қатысушыларға Орталық Азия, Әзірбайжан және Түркия елдерінің волонтерлік бастамаларының ынтымақтастық әлеуеті туралы айтып берді.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Құралай Жарқымбаева жастардың жаңа волонтерлік бастамалары мен республикалық жобалары туралы хабардар етті.

Кездесудің екінші бөлімі «Әлеуметтік Студенттік Несие» жобасына арналды. Бұл тақырыпта өзекті ақпаратты ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары Ақжол Құрмансейіт ұсынды.

Бейресми жобалық топ жақында, осы жылдың наурыз айында құрылғанын атап өткке жөн. Бірақ қазірдің өзінде оның жоспарларына өңірдің барлық волонтерлік ұйымдарын біріктіру және одан әрі жемісті ынтымақтастық кіретіні түсінікті.