Агроөнеркәсіптік кешен: түбегейлі бетбұрыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ауыл шаруашылығы және жер мәселесіне ерекше назар аударылды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және жер шетелдіктерге сатылмайды деген қағидатты бекітті.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік саланы дамыту үшін инвестиция тарту маңызды екендігі атап өтілді, өйткені елімізде бұл салада білікті мамандар тапшылығы байқалуда. Президент ауыл шаруашылығының стратегиялық маңызын ескере отырып, оны қолдауға ерекше көңіл бөлді.
Ғылым мен білім саласын қолдау үшін “Жас ғалымдарға” қосымша 1000 грант бөлу туралы тапсырма берілді. Бұл жастардың ғылыми зерттеулермен айналысуына және ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдер іздестіруіне септігін тигізбек.

Әмірәлі КЕНЖЕБАЕВ,
кәсіпкер.