2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі

Оларды пайдалану үшін:
• полицияда тіркелу;
• А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
• техникалық тексеруден өту;
• азаматтық жауапкершілікті сақтандыру қажет.

Ең маңыздысы — 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін мопедті уақытында тіркеп, куәлік алыңыз.