Жолда қалғандарға көмек көрсетілді
Биылғы қыс бұрнағы жылдағыдай емес, жиі болмаса да тосын мінез танытып қойып жатыр. Бұл əсіресе қысы қытымыр келетін Ұлытау ауданында айқын аңғарылуда. Осының салдарынан жолда қалып, қиындық көрген жолаушылар бар.
Ұлытау ауданы əкімі аппаратының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жəне жұмылдыру жұмысы жөніндегі бөлімі мен Аманкелді ауылындағы өрт сөндіру бекеті қызметкерлерінің көмегімен осындай жолда қалған жолаушыларға шұғыл көмек көрсетілді.
Сарлық ауылынан 50 шақырым қашықтықта шаруа қожалығы орналасқан жерде, ауа райы қолайсыздығына байланысты 3 жүк техникасы жəне 3 жолаушы жолда қалғандығы жөнінде хабарлама түсті. Хабарлама бойынша арнайы шұғыл əрекет жасалып, нəтижесінде жолаушылар эвакуацияланып, қажетті көмек көрсетілді. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылды. Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға қыста алыс жолға шығуда сақтық шараларына мұқият қарауды, дабылдық ескертулерге құлақ асып, талапты мүлтіксіз орындауға шақырады. Ізбасар ОЙБАС. бөлімі тұрғындарға қыста алыс жолға шығуда сақтық шараларына мұқият қарауды, дабылдық ескертулерге құлақ асып, талапты мүлтіксіз орындауға шақырады.
Ізбасар ОЙБАС.