Экономикалық өсім – ел несібесі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі.
Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.
Президент өз Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және инфрақұрылым салаларына баса назар аударып, бұл салалардағы тиімділік пен өнімділікті арттырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау қажеттілігіне тоқталды. Әсіресе, елдің ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалану, экологиялық және “жасыл” экономика қағидаттарын енгізу маңызды басымдық ретінде қарастырылды.
Жолдау барысында Президент әлеуметтік салаларды да назардан тыс қалдырмай, халықтың әл-ауқатын жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін нығайту және жұмыссыздықты азайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен саяси реформаларды жалғастыру мәселелері де күн тәртібінде болды, бұл халық пен билік арасындағы диалогтың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғамның тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.
Сания МАЖИТҚЫЗЫ,
библограф.