Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – Қазақстанның даму бағытына тың серпін беретін маңызды құжат.

Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау, экономика, құқықтық жүйе және цифрландыру салаларына ерекше көңіл бөлді. Бұл салалар Қазақстанның тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Президенттің құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне қатысты айтқан реформалары әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау, аймақтардың дамуын теңестіру және ауыл шаруашылығын жаңғырту бойынша нақты шаралар ұсынылды. Әлеуметтік әділеттілік, экономикалық тұрақтылық және құқықтық тәртіпті күшейту мәселелері қоғамның әртүрлі салаларына оң әсерін тигізіп, болашақта елдің өркендеуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Елдос ОСПАНБЕКОВ,
жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы.