Елде биылғы алғашқы ҰБТ басталды

Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталып, 10 ақпанға дейін жалғасады.

Тестке қатысуға 167 мыңға жуық адам өтініш берген:

▪️қазақ тілінде — 76,7%-ы
▪️орыс тілінде — 23,2%-ы
▪️ағылшын тілінде — 142 адам.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады.