Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жасанды интеллектіні қолданып жалған дауыстық хабарламалар жолдауда
Мәдениет министрі бөтен нөмірлерден келетін хабарламаларға сенбеңіздер дейді.
«Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар», – деп жазды министр.