Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды автовокзалынан қосымша рейстер ашылады

Мереке және мереке алдындағы күндері Қарағанды автовокзалынан қосымша автобус рейстері ашылады. Қарағандыдан Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Киевка, Жаңаарқа, Жәйрем, Қаражал, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Балқаш және Ақтоғайға баруға болады. Билеттерді алдын-ала сатып алған жөн.

19, 20, 21, 22 наурызда автобустар келесі уақыт кестесі бойынша көрсетілген елді мекендерге аттанады:

— Қарқаралы — 17.00;

— Павлодар, Семей, Өскемен — 21.00;

— Нұр — Сұлтан, Киевка — 16.00;

— Атасу, Жәйрем — 14.30;

— Қаражал — 16.30;

— Жезқазған — 19.00;

— Қызылорда — 22.30;

— Шымкент — 20.30;

— Алматы — 16.30 және 20.30;

— Балқаш — 20.00;

— Ақтоғай — 18.00.

Билеттерді автовокзал кассалары мен терминалдардан сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттерді сатып алуды интернет, интернет-банкинг, QIWI терминалдары немесе Касса24 арқылы тәулік бойы банктік картамен төлеуге болады.

Анықтама телефондары: 43-18-18, 43-31-14.

https://avokzal.kz/kz/новости