Енді ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға түсуге болады
Биылдан бастап халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары тестілеуден өтпей-ақ грантқа түсе алады.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2021 жылы олимпиада жеңімпаздарына гранттар мен ақшалай сыйақылар беру жоспарланған болатын.
Бірақ сол кезде жеңімпаздарды қолдау туралы норманы өткізе алмаған. Ал биыл бұл бастама қолдау тауып, заң жобасын Мәжіліс депутаттары бір ауыздан мақұлдады.
Ендігі кезекте ғылыми сайыста жүлделі бірінші орын иеленгендерге 5 миллион теңге ақшалай сыйақы беру нормасын енгізілмек.