Заңға бағынатын қоғам – әділетті Қазақстанның негізі

Демократиялық, зайырлы әрі құқықтық мемлекетімізде соттық-құқықтық жүйеде тепе-теңдік сақталады.

Полиция қылмыстарды айқындап, күдіктіні анықтайды және дәлелдемелік базаны жинақтайды. Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау мүддесінде заңдылықтың сақталуын қадағалайды, құқық қорғау органдарының атқарған жұмыстарын объективті түрде бағалайды, сотта айыптаушы қызметін атқарады. Соттар қорғау мен айыптаудың дәлелдеріне бірдей негізделген, әділ және біркелкі үкім шығарады. Айқын қайшылықтар болған жағдайда еліміздің азаматтары Конституциялық сотқа жүгінеді. Аталмыш көрініс мемлекетімізде адам құқықтары мен бостандықары басты назарда екендігін көрсетеді.

Асел ЕРЖАНОВА,
Ұлытау ауданының әкімінің аппараты ММ,
заңгердің көмекшісі.