Мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен тиімділік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының сегізінші бағытында «Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек» деп көрсетілді.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету әрдайым халық назарын аударатын маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің басты мақсаты — мемлекеттік басқаруды демократияландыру болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың міндеті мен мазмұны – оның қарауындағы институттардың барлығы қоғамға ұйымдастырушылық тұрғыдан жаңаша ықпал етуі тиіс дегенді білдіреді сонымен қатар халыққа адал қызмет етуді қамтамасыз етуі тиіс.

Құрмет РАХАТ,
белсенді жас, ерікті.