Биыл Қазақстанның экспортқа 12 млн тонна астық шығаруға мүмкіндігі бар – Президент
Мемлекет басшысы диқандардың өнімін сыртқы нарыққа шығаруға жан-жақты қолдау көрсету Үкіметтің басты міндеті екенін атап айтты.
Әлемдік нарықта сұранысқа ие бағалы дақылдарды көбірек өсіру қажет. Сонымен бірге ішкі нарыққа өткізудің ұтымды жолдарын барынша пайдалану керек. Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен іргелес аймақтардағы диқандардың мол мүмкіндігі бар.
Қазақстанда сан түрлі азық-түлік өнімі шығарылады. Жұрт өз өнімдерімізді көбірек сатып алу үшін оны елге танытып, кеңінен насихаттау керек, – дейді Қ.Тоқаев.