Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 87 адам құтқарылды

Өткен тәулікте, 11 наурызда Қарағанды облысының жолдарында 87 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Осакаров және Абай аудандарының, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының қар басқан трассаларында ТЖД қызметкерлері ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімімен бірлесіп құтқару жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, Осакаров ауданында құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне үш көлікті сүйреп апарды, олардың салондарында үш жүргізуші және алты жолаушы болды. Қызылорда-Павлодар автожолында ақаулы автокөліктен бес адам эвакуацияланып, Молодёжный кентіне жеткізілді.

Бұқар жырау ауданында сынған көліктен жүргізуші мен төрт жолаушыларға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Қарағандының Қарақұдық ауылында медициналық көмекке мұқтаж әйел арнайы техникамен тасымалданып, ауруханаға   жатқызылды.

Жаңаарқа және Абай аудандарында қар құрсауында қалған көліктерден бес адам құтқарылды.

Қарағанды — Теміртау автожолында кептелісте тоқтап қалған жеңіл көліктер мен автобустардан 54 адам эвакуацияланып, Теміртауға жеткізілді.

Сондай-ақ, құтқару жұмыстары Қарағандыға кіре берісте және Сұрыптау-Пришахтинск жолында жүргізілді.

Қарағанды облысының тұрғындары ТЖ туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарлай алады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша